Маңғыстау облысында бір жасөспірім мерт болып, төртеуі ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстаудағы "Көгілдір айлақ" жағалауында суға батып кете жаздаған бес жасөспірімнің біреуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқиға 18 маусым күні болған. Зардап шеккендер - Мұнайлы ауданынан келген сыныптастар. Белгілі болғандай, 24 адамнан құралған топ сынып жетекшісімен бірге автобуспен "Көгілдір айлақ" жағалауына оқу жылының аяқталуын атап өтуге барған.
Алайда оқушылардың демалысы қайғылы жағдаймен аяқталған. Олар тыйым салынған жерде шомылып, суға батып кете жаздаған. Суға батқан жасөспірімнің үшеуі өз бетімен судан шыққан. Ал екі оқушыны куәгерлер құтқарған.
Басылымның Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккен 2007 жылы туған жасөспірім ауруханаға бара жатқан жолда көлікте көз жұмған.
Үш қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 2008 жылы туған тағы бір қыз ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева да қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген.
"Оқиға кезінде олардың қасында сынып жетекшісі болған. "Соңғы қоңырауға" дейін алдын алу шаралары жүргізіп, сондай-ақ оқушыларды табиғатқа шығаруға тыйым салынғаны туралы ақпарат жарияланғанымен, мұғалім қала сыртына шығуға рұқсат берген. Өрескел заң бұзушылыққа жол бергені, сондай-ақ өз міндетіне салғырттық танытқаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025514-mangystau-oblysynda-bir-zasospirim-qaitys-bolyp-torteui-auruxanaga-tusti/