Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасыңа телефонымен келеді": Ринат Заитов депутат болғалы көшеде өзіне қарсы арандату әрекеті жиілегенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Ринат Заитов
Ринат Заитов. Видеодан кадр: Youtube/abaylive

Ақын Ринат Заитов депутат болғалы көшеде өзіне қарсы провакациялық әрекеттер жиілегенін, сол себепті демалыс күндері сыртқа көп шыға алмайтынын мәлімдеді. Ол бұл жайында Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты аптасына кем дегенде екі рет провокацияға тап болатын көрінеді. Ондай кезде ақын сабыр сақтап, қарсылық танытпайтынын айтады.

"Астанада сенбі-жексенбі бір жаққа шыға алмайсың. Жолдастар шақырады, бара бермеймін. Себебі Қазақстанның халқы ең қатыгез бастық. Мен аптасына жоқ дегенде екі провокациядан өтемін. Өзімді ұстауға тырысамын. Кеше сондай бір оқиға кезінде жанымдағы адам "қатты өзгеріп кетіпсің" деп сабырыма таңқалды. Менде басқа амал жоқ. Қазір қарсы реакция көрсетпейтін болғанмын. Сүмірейіп тыңдап қана тұрам. Ары кетсе "сіздікі дұрыс емес" деуім мүмкін. Басқасына мүмкіндігім жоқ, өкінішке қарай бұрынғы Ринат жоқ, аузына келгенді айта салып, жағасына жармаса кететін", - дейді Ринат Заитов.

Оның сөзінше, провокация көбіне телефонға түсіру арқылы жүзеге асады екен.

"Бірінші қасыңа телефонымен келеді. Мысалы, өткенде жұмыстан келе жатсам, бір көлік жаныма тоқтап, ішіндегі екі әйел шыңғырып айғайлай жөнелді. Үнемі интернетте жүретін әйелдер, дауыстарынан таныдым. "Сен әйелдермен ойнақтап жүресің" деп "Жайдармандағы" қазы болғаныма дейін айтып, әдейі ашуландырғысы кеп жатты. Қанша қатты айтқың келсе де, сабырмен жауап беруге тура келеді. Мұндай мысалдар көп. Ал достарыммен арқаны кеңге салып, кафеде отыратын болсам, оны аңдып отырғандар жетеді", - дейді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025545-qasyna-telefonymen-keledi-rinat-zaitov-deputat-bolgaly-kosede-ozine-qarsy-arandatu-areketi-ziilegenin-malimdedi/