"Масқара": үкім жарияланған соң сотта Мұхамедиұлының ұлы жанжал шығарды
Жарияланған күні:
Бүгін 8 жылға сотталған Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлының қатысуымен елордалық сотта жанжал болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін бұрынғы Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы Дінмұхамед жанжал шығарды – ол қарауыл жасақтың әкесін сот залынан алып шығуына кедергі келтірмек болды.
Тәртіп сақшысы жігітті итеріп жібергені сол еді, ол әкесінің ісі тапсырыспен жасалған деп айқайлай бастады.
"Бәрің іс-әрекеттерің үшін жауап бересіңдер. Жаңа Қазақстан қайда? Әділдік қайда? Не үшін соттап жатыр? Бәрі ойдан шығарылған. Бірде-бір заң бұзушылық фактісі жоқ! Бұл масқара! Барлығына, жаңа Қазақстан үшін масқара.
Неліктен судья мұндай үкім шығарады? Мұның бәрі тапсырыс, мұның бәрі ойдан шығарылған", – деп айқайлады ол сот залында Арыстанбек Мұхамедиұлын алып кеткеннен кейін.
Сотталушының басқа туыстары жігітті тыныштандыруға тырысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025639-masqara-ukim-zariyalangan-son-sotta-muxamediulynyn-uly-zanzal-sygardy/