Қытай мен Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері уақытша жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском22 маусымнан бастап Қытай мен Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Қытай шекарасы Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" келісімге сәйкес өткізу пункттерінің уақытша жабылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚХР-да тойланатын "Айдаһар қайықтары"(Дуань У) мейрамына байланысты шекара уақытша жабылатынын хабарлады.
"2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейді" - деді ҰҚК өкілдері.
Алайда құзырлы орган теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025645-qytai-men-qazaqstan-sekarasyndagy-avtomobil-otkizu-beketteri-uaqytsa-zabylady/