Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киімдер қоқыстан тігілген: Астанадағы қоқыс полигонында "сән" көрсетілімі өтті

Жарияланған күні:

Қоқыс полигонында сән көрсетілімін өткізген жастар
Қоқыс полигонында сән көрсетілімін өткізген жастар. Видеодан кадр : instagram.com/zhana.adamdar

"Жаңа Адамдар" қозғалысының белсенділері Астанадағы қоқыс полигонында Trash Fashion Day атауымен сән көрсетілімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жастар қозғалысының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жаңа Адамдар" қозғалысының мәліметінше, белсенділердің мақсаты экология мәселесіне назар аударту болған. Олар рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары қала тұрғындарының денсаулығына мол зиян келтіретінін атап өтті.

БАҚ ақпаратына сілтеме жасаған қозғалыстың хабарлауынша, Астанада 500-ден астам "заңсыз" қоқыс төгілетін жер бар. Өкінішке қарай, адамдар осындай жағдайда өмір сүріп, өз денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп жүргенін байқамайды, дейді олар.

"Тұрғын үй кешендерінің дәл қасында орналасқан қоқыс алаңдары ешбір талапқа сәйкес келмейді. Алайда осы мәселені әдеттегі әдістермен шешу мүмкін емес", - дейді "Жаңа Адамдар" белсенділері.

"Жаңа Адамдар" дизайнерлермен бірігіп, Астана қаласының "заңсыз" қоқыс алаңдарында жиналған қалдықтардан "трэштік" киімдер жинағын құрастырған. Дәл сол жерде белсенділер Trash Fashion Day сән көрсетілімін ұйымдастырды.

Бұдан бөлек олар Астана қаласының әкімшілігінің алдында фототүсірілім жасаған.

"Үй жанындағы қоқыс алаңдары өздігінен жоғалып кетеді деп үміттенуге болмайды. Бізден басқа экологияға ешкім қамқорлық көрсетпейді. Өз болашағымыз үшін өзіміз ғана жауапты боламыз. Әр адам қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесін қоса алады", - деді "Жаңа Адамдар" қозғалысының белсенді жастары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025707-kiimder-qoqystan-zasalgan-astanadagy-qoqys-poligonynda-san-korsetilimi-otti-video/