Досаев Алматыда зейнеткерлер неліктен 75 жастан кейін ғана қоғамдық көлікте тегін жүре алатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы қаласының зейнеткерлері неліктен 75 жастан кейін ғана қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл сауалға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласының тұрғыны қала әкімімен кездесуде "неге алматылық зейнеткерлерге 75 жастан кейін ғана жолақыны төлемеуге болады?" деп сұрады. Тұрғынның айтуынша, Астанада кез келген зейнеткер қоғамдық көлікпен тегін жүреді.
"Әр қаланың өз ережелері бар. Менде Астана мен басқа қалаларда жоқ жеңілдік алатын топтар бар. Жеңілдік алатын таңдаулы топтар үшін жұмсалатын қаржы көлемі де тиімді деп санаймын. Егер сіз 63 жаста зейнетке шықсаңыз, бұл жеңілдіктер автоматты түрде берілуі керек дегенді білдірмейді", - деді қала әкімі.
Досаев қоғамдық көліктердің субсидияланатынын, жол жүру ақысы бұрынғы бағамен яғни 80 теңгемен қалғанын атап өтті.
"Бізде әлеуметтік бағыттағы бюджет бар. Бұрын қабылданған барлық міндеттерді толық орындауға тырысамын", - деді әкім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025717-dosaev-almatyda-zeinetkerlerdin-nege-qogamdyq-kolikpen-75-zasqa-deiin-tegin-zurmeitinin-aitty/