"Ата-аналары айыппұл төлейді": Ақтөбеде әкімдікке хабарласып, жалған ақпарат берген қыздардың басы дауға қалды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде екі жасөспірім қыз облыстық әкімдіктің ахуал орталығына хабарласып, өздерін белгісіз біреулердің кепілген алғанын айтқан. Алайда ақпарат жалған болып шыққан, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, ақпарат дереу полицияға берілген.
Тәртіп сақшылары бірден қоңырау түскен мекенжайға жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 9 және 11 жастағы жасөспірім қыздардың ойнап қоңырау шалғандары анықталған.
Енді қыздардың әрекеті үшін ата-аналарына 34 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
"Балалардың еркелігі үшін ата-аналарына ӘҚБТК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауап беруге тура келеді, онда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл қарастырылған", – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025837-ata-analary-aiyppul-toleidi-aqtobede-akimdikke-xabarlasyp-zalgan-aqparat-bergen-qyzdardyn-basy-dauga-qaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде