Әлихан Смайылов Маңғыстауда өзімен аттас бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)
Жарияланған күні:
Маңғыстауға жұмыс сапары барысында еліміздің премьер-министрі Әлихан Самайылов өзімен аттас маңғыстаулық бүлдіршіннің тұсауын кесті. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, Әлихан есімді бір жасар бүлдіршіннің тұсауын кескен.
"Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, премьер-министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз", — дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.
Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025839-alixan-smaiylov-mangystauda-ozimen-attas-buldirsinnin-tusauyn-kesti-foto/