Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңдастырудың аяқталуына аз уақыт қалды": Мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жарияланған күні:

Арнайы ХҚКО
Арнайы ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырып жатыр. Заңдастыру 1 шілдеде аяқталады. Соған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заңдастырудың аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды (1 шілдеге дейін). Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 19.30-ға дейін жұмыс істейді", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Басылымның жазуынша, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Егер 1 шілдеге дейін өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыру құқығы беріледі.

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және бұрын тіркелген елінен есептен шығарылмауы себебінен заңдастыру мүмкін болмайтын автокөліктерді мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданған.

"Мұндай автокөліктер көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету туралы міндеттемемен 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу немесе бұрынғы тіркеу орны бойынша автокөлікті есептен шығарған жағдайда заңдастыру шарттарымен тіркеледі", – деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Уақытша есепке қою туралы толғырақ сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025840-zandastyrudyn-ayaqtaluyna-az-uaqyt-qaldy-mamandandyrylgan-xqko-lar-kuseitilgen-zumys-rezimine-kosti/