Шымкент қаласы әкімдігінің басқарма басшысы 13 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде", - деп жазды Дәурен Ерғарин.
Оның айтуынша, күдікті соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп қосты ол.
Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025877-symkent-qalasy-akimdiginin-basqarma-bassysy-13-mln-tenge-koleminde-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде