Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мектеп директоры туысымен төбелескен: видеоға қатысты полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ер адамдардың жанжалы
Жанжал. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болды. Видеода мектеп директоры туысымен жанжалдасып жатқаны туралы айтылған. Оқиғаға қатысты Түркістан облысы ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы мектебінің директоры түрлі іс-шараларда шу шығарып, учаскелік инспектор болып жұмыс істейтін ұлы бұған мән бермейді", - деп жазылған жарияланған видео астында.

Видеодан ер адамдар арасындағы жанжалды көруге болады. Кадрларда ер адамның бірі қарсыласын ұрып-соғып жатқаны түсірілген. Сондай-ақ төбелес кезінде бейәдеп сөздер айтылған. Видеода көрсетілгендей, куәгерлер ер адамдарды ажыратуға тырысқан, алайда екінші мүмкіндіктен кейін ғана оларды ажыратқан.

Түркістан облысының ПД өкілдері жанжалдың 2 жыл бұрын Қазығұрт ауданында болғанын хабарлады. Облыстық ПД өкілдері бұл жағдайға байланысты полицияға ешкім арызданбағанын атап өтті.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында оның отбасылық жанжал екенін, яғни ер адамдар бір-біріне туысқан екенін анықтаған.

"Оқиға 2021 жылғы маусым айында отбасылық басқосуда орын алып, сол кезде олардың арасында түсініспеушілік болған. Артынша жанжалдасып қалған екі ер адам татуласқан.

Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспектордың оқиғаға байланысы бар-жоғы және оның тарапынан қандай да бір заңбұзушылық фактілері бар-жоғын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

"Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына" сілтеме жасаған Zakon.kz порталының хабарлауынша, аталған жағдай бойынша мектеп директорынан түсініктеме алынған.

"Оқиға 2021 жылы туысының үйінде болған. Ол ішімдік ішпегенін, бірақ қасында тұрған адамдардың бейәдеп сөздер айтқаны үшін ашуланғанын айтқан. 2021 жылы Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қатаң сөгіс түрінде шара қолданған", - деп түсіндірді ведомство.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026073-turkistan-oblysynda-mektep-direktorynyn-tuysymen-tobelesken-videoga-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/