"Қатты жел, жаңбыр, бұршақ": алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 24-26 маусым, алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сонымен қатар күн күркіреп, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Синоптиктер 26 маусымда еліміздің солтүстігінде, 24-25 маусымда шығысында, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжады. Ал республиканың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Бұдан бөлек 26 маусымда түнде еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп күтілуде.
"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздегі температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026102-qatty-zel-zanbyr-bursaq-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/