Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның кейбір өңірлерінде шілде айында құрғақшылық болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Шөл дала
Шөл дала. Көрнекі сурет: pexels.com

Алдын ала болжамға сәйкес, шілде айында Қазақстанның кейбір аудандарында құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Биыл аймақтардағы ылғалдылығы төмен аудан көлемі артады. Ақмола облысының Жарқайың ауданында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз және Хромтау ауданында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында бірқалыпты құрғақшылық күтіледі.

Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 24-26 маусым, алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынғаны туралы жазған едік.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сонымен қатар күн күркіреп, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026121-qazaqstannyn-keibir-onirlerinde-silde-aiynda-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/