Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк алаяқтықтың өршуіне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі интернет-дүкен сатып алушыларына коллекциялық монеталардың санына қойылатын шектеулерді айналып өтеді деген желеумен арнайы бағдарлама сатып алуды ұсынушы алаяқтардың белсенді бола бастағанын ескертті. Бұл жайлы Ұлттық банктің сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық банк хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Қазақстан нумизматтарының тақырыптық топтарында алаяқтар "көмекші бағдарламаға" бір реттік жол ашу мүмкіндігін арнайы төлемге ұсынып жүр. Сөйтіп, ол бағдарлама интернет-дүкенінен сатып алушылардың себетіне коллекциялық монеталарды кез келген мөлшерде автоматты түрде қосады деп сендіреді. 

Сонымен қатар, Ұлттық банк коллекциялық монеталарды себетке салудағы "сәтті" операциялары бар суреттер көрсетіледі және "көмекші бағдарлама" толығымен қауіпсіз екені туралы жалған ақпарат берілетінін атап өтті. Алайда, қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, алаяқтар вирус немесе басқа да зиянды кодтардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы ұсынады. Олардың орындалуы пайдаланушы деректерінің таралып кетуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін.

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты Ұлттық Банк сақ болуды,интернет-дүкенімен жұмыс істеу барысында күмәнді бағдарламалық жасақтаманы сатып алмауды және пайдаланбауды сұрайды.

Сатып алынатын монеталар санына лимитті Ұлттық Банк әрбір мәміле бойынша тексереді. Бұл интернет-дүкенінің себетіне монеталарды сәтті қосқан жағдайда да, белгіленген лимиттен тыс сату мүмкін еместігін білдіреді.

Сондай-ақ, Ұлттық банк интернет-дүкені 11.4-тармағына сәйкес, сатып алушы басқа сатып алушылардан бәсекелестікке жатпайтын техникалық артықшылықтарды білдіретін және есептеу құралдарына жоғары жүктеме жасайтын автоматтандырылған жүйелер мен құралдарды (интернет-боттар мен басқа құралдар) пайдаланбауға міндеттеме алатынын еске саламыз. Осы тармақ бұзылған жағдайда Ұлттық Банк сатып алушының есептік жазбасын тұрақты бұғаттау құқығын өзіне қалдырады. Сіз немесе таныстарыңыз алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда, қажетті сот ісін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз", - деп хабарлады Ұлттық банк сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026171-ulttyq-bank-alayaqtyqtyn-orsuine-bailanysty-qazaqstandyqtarga-eskertu-zasady/