Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті
Жарияланған күні:
Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып жатқан жағдайға байланысты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі Қазақстан халқына үндеу жасады. Бұл туралы елшіліктің ресми сайтында хабарланды.
"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.
Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады)", - делінген ресми хабарламада.
Елшіліктің мәліметінше, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.
"Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14", - деп хабардар етті ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026195-qazaqstannyn-reseidegi-elsiligi-undeu-zasady/