Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған полицей өлі табылды
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының із-түзсіз жоғалып кеткен орынбасары өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру жұмыстары кезінде Тұрар Дүйсембиннің денесі бүгін, 25 маусым күні таңғы сағат 9:15 шамасында Қылшақты өзенінен табылды.
Ведомствода нақтылағандай, полиция бөлімі бастығының орынбасарының жоғалғаны туралы арыз маусымның 23-і күні түскен.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.
Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
"Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы әріптесі, полиция подполковнигі Дүйсембин Тұрар Тұрарұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026285-aqmola-oblysynda-iz-tuzsiz-zogalgan-policei-oli-tabyldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.