Астана іргесіндегі 80 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді
Жарияланған күні:
Еліміздің Төтеше жағдайлар министрлігі Астана қаласының іргесіндегі 80 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды", - деп хабардар етті ведомстводан.
Еске сала кетсек, 19 маусымда еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілер Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына апаратын айналма жолдың арасында жанып жатқан қураған шөпті сөндіріп жатқанын хабарлаған еді.
ТЖМ сол күні кешке 21:09-да өрт оқшауланғанын, өрттің жалпы ауданы 80 гектарды құрағанын, өртті толықтай сөндіру жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын.
20 маусым күні сағат 20:16-да өртті сөндіруге келген Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне қайтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026378-astana-irgesindegi-80-gektar-aumaqty-sarpygan-ort-tolyqtai-sondirildi/