Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбан айт кезінде қандай мал түрін құрбандыққа шалған жөн

Жарияланған күні:

Мешіт
Мешіт. Көрнекі фото: Рexels.com

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз брифингінде ҚМДБ құрбан шалу ережесін түсіндірді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

ҚМДБ хабарлауынша, Құрбан айт мейрамының алғашқы күні - 28 маусым. Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталып, 30 маусымда кешкі ақшам намазына дейін аяқталады. Уақытынан ерте не кешігіп құрбан шалуға болмайды.

ҚМДБ басшысының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбайдың айтуынша, үш түрлі мал ғана құрбан шалуға жарамды: қой-ешкі, сиыр-бұқа, түйе. Дегенмен, құрбанға қошқар мен ешкі шалған абзалырақ. Қой мен ешкі бір жасар болуы керек, ірі қара мал – екі жасқа жетуі керек, түйе – бес жаста болуға тиіс.

Ал алты айлық қозы бір жасар баланың салмағына жетсе, оны құрбан шалуға болады. Бір кісінің атынан бір қой немесе ешкі, ал ірі қара мал мен түйені бір адам немесе жеті адамның атынан құрбан шалуға болады.

"(...) Егер бір отбасының асыраушысы ер адам ғана болса, оның шалған құрбандығы тұтас отбасының атынан есептеледі", деді ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай.

ҚМДБ хабарлауынша, мынадай кемшіліктері бар жануарларды құрбан шалуға рұқсат берілмейді:

  • бір немесе екі көзі соқыр болса;
  • малдың сойылатын жерге өз бетінше жетуіне мүмкіндік бермейтіндей ақсақ болса;
  • екі немесе бір құлағы түбіне дейін толығымен кесілген болса;
  • бірнеше тісі болмаса;
  • мүйіздері сынған болса;
  • қатты арық немесе әлсіз болса;
  • құлағы немесе құйрығы туа бітті болмаса.

"Ханафи мәзһабы бойынша (құрбан айт күндері) құрбан шалуға шамасы келген дәулетті (қажетінен тыс зекеттің нисап мөлшеріне жеткен), азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп, яғни міндет", – делінген ҚМДБ ресми сайтында.

Бұған дейін қазақстандықтар Құрбан айт пен Елорда күнінде қалай демалатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026404-qurban-ait-kezinde-qandai-mal-turin-qurban-saluga-bolady-qmdb-zauap-berdi/