Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайдағы балалар ауруханасының төбесі опырылып түсті (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Опырылып түскен төбе сылағы
Опырылып түскен төбе сылағы. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress/

Қостанай облыстық балалар ауруханасындағы палатаның төбесі опырылып түскен. Куәгерлер науқастың төсегіне түскен төбе сылағының бір бөлшегін видеоға түсіріп алған.

Медициналық мекеме оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жөндеу жұмыстарының басталғанын айтып сендірді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Ғимарат 2021 жылы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы болып, жедел түрде тұрғызылған. Ғимарат бос тұрып қалмау үшін биыл ақпан айында облыстық балалар ауруханасына тегін пайдалануға берілді. Бұл жағдай аурухана әкімшілігінде қаралды. Төбеге тегістеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ құлауы мүмкін деген жерлер жасалды, тағы да әрлеуге дайындық жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады тілшілер.

Медициналық мекеме өкілдері аурухана ішіндегі басқа палаталарда да төбені тексеру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Нәтижесінде өзге бөлмедеден де опырылып түсу қаупі анықталған. Науқастар басқа палаталарға орналастырылған.

Телеарна мәліметінше, аурухана ғимараты үш жыл бұрын пайдалануға берілген. Кепілдік уақыты бітпегендіктен, аурухана басшылығы құрылыс салушыға бұл кемшіліктерді жою үшін хат жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026494-qostanaidagy-balalar-auruxanasynyn-tobesi-opyrylyp-tusti-video/