"Қалыңдығыңа опасыздық жасаған видеоны көрсетеміз": Шымкентте күйеу жігітті бопсалап, тойын бұзбақ болған қыздар ұсталды
Жарияланған күні:
Шымкентте күйеу жігітті бопсалап, тойын бұзбақ болған қыздар ұсталды. Олар ер адамды қалыңдығына опасыздық жасаған видеосын көрсетеміз деп қорқытқан, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Полицияның хабарлауынша, шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша, оның ескі таныстары жігітті үйіне алдап шақырып алған. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны телефонның камерасына түсіре бастаған.
"Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, "ақша бермесең видеон қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз" деп қорқытқан. Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабар берді", — дейді ІІМ өкілдері.
Тәртіп сақшылары қыздарды ақша алу үстінде ұстаған.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Қорқытып алу") бойынша тіркелген.
"Қазіргі таңда, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — дейді тергеуші Жалғас Халила.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026754-qalyndygyna-opasyzdyq-zasagan-videony-korsetemiz-symkentte-kuieu-zigitti-bopsalap-toiyn-buzbaq-bolgan-qyzdar-ustaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.