Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңгер: Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

Жарияланған күні:

Айыпталушының шабуыл жасаған сәті
Айыпталушының шабуыл жасаған сәті. Оқиға орнынан кадр: Facebook.com/Анна Димитриевич

Заңгер Анна Чернова депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады. Бұл ақпаратқа қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біздің іс бойынша: мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін жаңа ғана білдім. Оған сол жерде бұлтартпау шарасы таңдалып, бөлім бастығының бақылауында болған", - деп жазады Чернова Instagram-дағы парақшасында.

Заңгер оны кешеден бері таба алмай жатқанын атап өтті.

"Ол BMW көлігімен кетіп қалған. Оны көргендер болса, айта салыңыздаршы, ол өзінің тергеуде екенін ұмытып кеткен тәрізді. Айтпақшы, ол қашып кетпес бұрын, гауптвахтадан енді босатылған секілді. Ал ол жерде қашып кеткені үшін болған деп ойлаймын", - дейді заңгер.

Заңгердің мәлімдемесіне қатысты Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы арнасында ресми ақпарт таратты.

"2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен.

Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ақпан айында Анна Чернова (Димитриевич) күйеуі екеуі қызды ұрып жатқан жас жігітті тоқтатпақ болғанда өздері соққыға жығылғанын мәлімдеген еді.

Кейін адвокаттар өздеріне шабуыл жасаған белгілі спортшы, қазір депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін білген.

Сол кезде Алматы полиция департаменті бұл факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін, күдікті әскери адам болғандықтан, іс материалдары қалалық прокуратураға берілгенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқиғаға қатысты Дәулет Тұрлыханов та пікір білдіріп, ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауап беретінін мәлімдеген еді.

Бұдан бөлек, оқиғаға қатысты Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев пікір білдіріп, іс бойынша шешімді сот шығаратынын, күдікті заңда белгіленген тәртіппен жазасын алатынын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027348-zanger-deputat-daulet-turlyxanovtyn-uly-askeri-bolimnen-qasyp-ketken/