Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларын қандай өзгерістер күтіп тұр
Жарияланған күні:
2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары үшін қандай өзгеріс болатыны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқыту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
"Сол мақсатта қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" оқу пәні екінші сыныптан бастап оқытылатын болады.
Орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқитын болады", – делінген министрліктің хабарламасында.
Ал "шет тілі" оқу пәнін барлық бастауыш сынып оқушысы үшінші сыныптан бастап оқиды.
"Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды", – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027527-qyrkuiekten-bastap-bastauys-synyp-oqusylary-usin-qandai-ozgerister-bolady/