Қазақстанда арнайы ХҚКО-лар екі күнге жұмысын тоқтатады
Жарияланған күні:
Читать на русском7 және 8 шілде күні әкімшілік полиция жүйелеріндегі жұмысқа байланысты арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
7-8 шілде аралығында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша ІІМ ӘПК ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды. Бұл күндері кезекшіліктегі ХҚКО қызметкерлері ғана клиенттерді қабылдайды.
Мемлекеттік корпорацияда 10 шілде, дүйсенбі күні арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегідей, яғни сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіні атап өтілді.
Еске сала кетейік, 6-9 шілде демалыс күндері болып табылады, сондықтан ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейтін болады.
Сондай-ақ жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекшіліктегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтіні атап өтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027638-qazaqstanda-arnaiy-xqko-lar-eki-kunge-zumysyn-toqtatady/