Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ вице-министрі Марат Көлдіков Абай облысындағы ірі өрттен соң отставкаға өтініш берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Марат Күлдіков
Марат Күлдіков. Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков қызметінен кетуге өтініш білдірген, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Вице-министр Марат Күлдіков өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату үшін келісу рәсімі жүргізілуде", - деп хабардар етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл Абай облысындағы ірі өртке байланысты президентінің сынынан кейін орын алған.

Сол кезде мемлекет басшысы жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтың баяндамасын тоқтатып, шенеуніктерді сынға алған еді.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!

14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді.

Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?",, - деген еді президент.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Абай облысында орман өрті шығып, салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.

11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады.

Сонымен қатар президент жедел штабтың отырысын өткізіп, онда облыс әкіміне сөгіс жариялап, Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрдің есебін тоқтатып, мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алған болатын.

Абай облысындағы ірі орман өрттен қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028250-totense-zagdailar-vice-ministri-marat-koldikov-abai-oblysyndagy-iri-ortten-keiin-otstavkaga-ketetinin-malimdedi/