Найзағай, қатты жел, аптап ыстық: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер жұма, 14 шілдеде Астанада найзағай мен бұршақ жаууына, ал Алматыда аптап ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Астанада найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Елордада жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді болжанып, дауылдық ескерту жарияланды. Қалада ауа температурасы күндіз +30...+32 градус жылы болса, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді.
Метеорологтар найзағайға қарамастан елордада өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Алматыда бүгін жауын-шашын күтілмейді. Тұрғындарға қалада қатты ыстыққа байланысты өрт шығу қаупі жоғары екені ескертіледі. Күндіз термометр +36...+38 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді.
Аптап ыстық пен желдің күшеюіне байланысты Шымкентте де дауылды ескерту жарияланды. Үшінші мегаполисте бүгін күндіз ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, ал екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028607-naizagai-qatty-zel-aptap-ystyq-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/