Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық танысымда жұмыс істемей тұр": ел тұрғындары ұялы байланыс пен интернетке қатысты шағымдануда

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефонға ұстаған адам
Телефонға ұстаған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елорда тұрғындары ұялы байланыс пен мобильді интернетке қатысты жаппай шағымдануда. Анықталғандай өзге өңірлердің тұрғындары да осындай мәселеге тап болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде астаналықтар интернет түгілі, ұялы байланыстың жұмыс істемейтінін жазуда.

Белгілі болғандай, мұндай мәселеге Activ және Kcell абоненттері тап болған. Желі қолданушылары Activ.kz-тің Instagram-дағы парақшасындағы соңғы жазбалардың астына наразылығын білдіріп, пікірлерін қалдырған.

"Интернеттің жоқтығы үшін неге ақша төлеп жатырмын?", "Актив менің барлық танысымда жұмыс істемей тұр. Бүкіл ел бойынша солай сияқты. Осы жағдайды тезірек шешуіңізді өтінемін", "Астанада қала бойынша жұмыс істеп тұрған жоқ", "Тариф үшін 8 мың теңге төлеймін", - деп шағымдануда желі қолданушылары.

Байланыс пен интернеттің жоқтығына қатысты шағымдардың көбі елорда тұрғындарынан түскен. Алайда олардан бөлек, Түркістан, Қарағанды, Петропавл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да аталған мәселе бойынша шағымдануда.

Компания Астанада ғана емес, Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы басқа қалаларда да қызмет көрсетуде бойынша ақаулар бар екенін растады.

"Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада деректерді беру қызметінің жұмыс істемей тұрғанын анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар сервисті жылдам қалпына келтіру үшін ақаудың себебін анықтап жатыр", - дейді Kcell компаниясының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028880-barlyq-tanysymda-zumys-istemei-tur-el-turgyndary-uyaly-bailanys-pen-internetke-qatysty-sagymdanuda/