Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да кір жуғыш машинаға қыстырылып қалған бала құтқарылды

Жарияланған күні:

Кір жуғыш машина
Кір жуғыш машина. Көрнекі фото: pexels.com

Құтқарушылар Орал қаласында кір жуғыш машинаға қыстырылып қалған 2 жасар баланы аман шығарып алған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәлімсетінше, бүгін, 17 шілдеде сағат 14.20-да 112 пультіне Орал қаласы Жунисов көшесі 184 үйде баланың кір жуғыш машинаның барабанына (жартылай автоматты) қыстырылып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылы туған баланы машина барабанынан арнайы құралдардың көмегімен шығарып, ата-анасына табыстаған.

"Кішкентай бөбекке алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды", - деді облыстық ТЖМ өкілдері.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028991-bqo-da-kir-zugys-masinaga-qystyrylyp-qalgan-bala-qutqaryldy/