Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құны 394 млн теңге тұратын тәркіленген швейцариялық Richard Mille қолсағаты екі есе төмен бағаға сатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Richard Mille қолсағаты
Richard Mille қолсағаты. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Елімізде тәркіленген Richard Mille швейцариялық қолсағатын сату бойынша аукцион өтті. Қолсағат шамамен 197 миллион теңгеге сатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ E-auction электронды сауда алаңына сілтеме жасап.

Электрондық сауда алаңының мәліметінше, тәркіленген швейцариялық Richard Mille RM27-01CA47/50 Limited Edition Rafael Nadal қолсағаты сатылымға шығарылған аукцион 5 шілдеде сәтті өткен. Нәтижесінде қолсағат 196 834 788 теңгеге сатылған.

Лоттың сатушысы және теңгерімде ұстаушысы Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті болған.

Айта кетейік, 2021 жылдың 17 қаңтарында бағаны төмендету бойынша аукцион өткен болатын. Бұған дейін лот 393,6 миллион теңгеге бағаланған еді.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәліметінше, аталған швейцариялық сағат 2020 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша мемлекет пайдасына тәркіленген болатын.

Маусым айының басында қазақстандық мемлекеттік органдар арасында кезекті аукцион өтті. Алайда ол кезде сатып алушылар табылмады.

Қолсағат шектеулі коллекцияға жатады. Оның нәбәрі 50 данасы шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029203-tarkilengen-394-mln-tenge-turatyn-sveicariyalyq-richard-mille-qolsagaty-eki-ese-tomen-bagaga-satyldy/