Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі қалалардың бірінде автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
автобус
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда қоғамдық көліктердің жолақысын көтеру жоспарлануда. Қазір жол жүру ақысы 80 теңге, бірақ бұл сома тасымалдаушылардың шығындарын өтемейтін көрінеді, деп хабарлайды "Мой город".

Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Құлбаевтың айтуынша, қазіргі жолақының тарифі (80 теңге) тасымалдаушылардың шығындарын өтей алмайды. Сондықтан барлық қалалық маршрут әлеуметтік маңызды деп танылып, мемлекет тарапынан субсидияланады.

Бұл ретте автобус парктеріне бөлінген 5 млрд теңге субсидияның өзі жеткіліксіз.

"Шығындар өсуде: жанармай қымбаттады, жалақы мен салықтар өсті. Автобус парктеріне әлі де шамамен 2,8 млрд теңге жетіспейді", деп түсіндірді Құлбаев.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Оралда қоғамдық көліктің жолақысы соңғы рет 2016 жылы көтерілгенін еске салды. Жолақыны көтеру биылғы жылдың қазан айына жоспарланған.

"Естеріңізге сала кетейін, тариф соңғы рет 2016 жылы көтерілген. Содан бері жанар-жағармай құны үш есе өсті. (Қоғамдық көліктердің – ред.) қосалқы бөлшектері қымбаттады. Тасымалдаушылар автобус паркін 20 пайызға жаңартқан. Есептеулер бойынша, бүгінде жол жүру ақысы 150 теңгені құрауы керек", – деді Құлбаев.

Алайда балалар үшін қоғамдық көліктерде жүру ақысы көтерілмейді.

Қалалық жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсететін Орал қаласының автобус парктерінің басшылары жазған талап хат "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер палатасында, кейін қоғамдық кеңесте және мәслихатта қаралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029523-elimizdegi-qalalardyn-birinde-avtobus-zolaqysy-150-tengege-deiin-qymbattauy-mumkin/