Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 22-24 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі.
22 шілдеде еліміздің шығысында, 22-23 шілдеде республиканың солтүстігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады деп күтілуде.
Синоптиктер температуралық фон бойынша күрт өзгерістер болмайтынын болжады.
Демалыс күндері Алматыда жауын-шашын күтілмейді. 23 шілдеде ауа температурасы күндіз +36 градус ыстық болады.
Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы ықтимал. Жексенбіде күндіз ауа температурасы +30 градусты көрсетеді.
Үшінші мегаполис - Шымкентте аздаған бұлт шыққанымен, аптап ыстық жалғасады. Демалыс күндері күндіз +38 градусқа дейін күн ыстық болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029581-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/