"Мыңқылдап жүрсіңдер": Павлодар облысы әкімінің видеосы желіде қызу талқыға түсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жылу беру маусымына дайындық бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС басшыларының пікірін тыңдады. Аймақ басшысының видеоға түсірілген сөзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Видеода Павлодар облысының әкімі Екібастұз ЖЭО-дағы 10 қазандықтың екеуі жөндеуден өткенін айтты. Оның сөзінше, жылу желілері жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету және авариялық учаскелерді анықтау үшін 25-30 шілде аралығында қайталама гидравликалық сынақтар жүргізілетін болады.
Жиыннан түсірілген видеода Асайын Байханов жылу желілерінің қызметкерлерін қатаң сынағанын көруге болады. Қолданушылар шенеунік бейәдепті сөз айтты деген пікірде.
"Неге бейәдепті сөз айтып жатырсыз?", "Қатты, қатты", "Бәрінің де сұрауы болуы керек! Дұрыс", "Жарайсыңдар! Барлық әкім осындай болғанда Екібастұзда қыстағы апат болмас еді", "Облыс әкіміне шыдамдылық! Екібастұзда ойлағанның бәрі орындалсын. Биылғы жылы үйлерімізде жылу болсын", - деп жазады пікір білдірушілер.
Облыс басшысы бірінші сұраққа байланысты жауап беріп, жазбаның астында пікір қалдырған.
"Сәлеметсіз бе. Бұл жерде бейәдепті сөз болған жоқ, сәл дөрекі айтылған шығар. Дәлірек айтсақ: "мыңқылдап жүрсіңдер" делінген", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029804-mynqyldap-zursinder-pavlodar-oblysy-akiminin-videosy-zelide-qyzu-talqyga-tusti/