Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 20 жастағы малшыдан төрт күннен бері хабар жоқ

Жарияланған күні:

Малшы
Малшы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысы Арал ауданында 20 жастағы малшы төрт күн бұрын белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, 24 шілде күні Төтенше жағдайлар қызметіне Арал ауданы Шижаға елді мекенінен 40 шақырымда орналасқан "Айдарлы" фазендасынан хабарлама түскен. Яғни 2003 жылғы азамат фазендадан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Аталған шақырту бойынша №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 10 қызметкер КУНГ автокөлігімен жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары сол күнгі сағат 20:30-ға дейін жүргізіліп, ол нәтиже берген жоқ.

Бүгін, 25 шілде іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. Өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер КУНГ автокөлігімен Шижаға елді мекеніне жақын орналасқан "Қайнар" және "Айдарлы" малшы ауылдарына іздестіру жұмыстарын жүргізді", – дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Әзірге іздеу жұмысынан нәтиже жоқ. Департамент өкілі іздеу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030060-qyzylorda-oblysynda-20-zastagy-malsydan-tort-kunnen-beri-xabar-zoq/