ТЖД Алматы облысының тұрғындарына су тасқыны қаупін ескертті
Жарияланған күні:
Алматы облысында дауылдық ескерту жарияланды – облыс тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертілді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.
"Таулы жерлерде жаңбыр түрінде жауатын жауын-шашынның болжамына байланысты 25-26 шілде аралығында Алматы облысының өзендерінде беткейлі ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және су тасқыны қаупі бар", – делінген хабарламада.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030062-tzd-almaty-oblysynyn-turgyndaryna-su-tasqyny-qaupin-eskertti/