Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күміс Сейітова Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Күміс Сейітова
Күміс Сейітова. Фото: t.me/KZgovernment

Күміс Сейітова Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы үкімет ресми Telegram арнасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсындағы ақпаратқа сәйкес, Күміс Сейітова 1970 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жезқазған педагогтік институтын, "Болашақ" Академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Дарья ауылы, Дарья стансасындағы желілік ауруханада кіші медбике болып бастады.

1993-1995 жылы — Қазақстан жастары Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы лауазымында қызмет еткен.

1995-2004 жылы Жезқазған облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер, экскурсовод, директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2004-2005 жылы — "ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" ЖАҚ әдістемелік, оқу-әдістемелік орталық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастырушылық-кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі болған.

2005-2017 жылы аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2017-2019 жылы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2019-2021 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметінде істеді.

2021 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030117-kumis-seiitova-madeniet-komitetinin-toragasynyn-bolyp-tagaiyndaldy/