Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы АЭС құрылысы: қоғамдық тыңдаулар өтетін күн белгіленді

Жарияланған күні:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Атом электр станцисына қатысты қоғамдық тыңдау биылғы жылдың 22 тамызында Алматы облысының Үлкен ауылында өтеді. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Әкімдіктің хабарлауынша, "Алматы облысы, Жамбыл ауданында АЭС салу жоспары туралы" тыңдау 22 тамыз күні Жамбыл ауданы Үлкен ауылындағы орта мектептің мəжіліс залында сағат 11:00 өтеді.

Әкімдіктің мәліметінше, тыңдауға қатысушыларда өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.

Айта кетейік, қоғамдық тыңдаулар биылғы жылдың ақпан айында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда наурыз айында өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты тыңдауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстандағы АЭС құрылысы

Еске сала кетейік, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы ақпарат Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы Мәскеуге сапары кезінде тиісті ұсыныс жасағаннан кейін белсенді түрде талқылана бастады.

Кейін қазақстандық атом электр станциясын Алматы облысында салу жоспарланғаны белгілі болды. Дәлірек айтсақ, Үлкен ауылында салынбақ.

Қазақстанда атом электр станциясы салыну мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін бұл қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті. Бірақ Тоқаев бұл мәселе бойынша қорқу орынсыз екенін айтты.

2021 жылы билік таңдалған құрылыс алаңы "ұлттық электр желісінің топографиясы бойынша ең қолайлы учаске" екенін мәлімдеген.

2022 жылдың маусымында энергетика министрлігі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын құру үшін шетелдік компаниялардың технологиясы қарастырылған соң, төрт мердігердің тізімі жасалғаны хабарланған. Энергетика министрлігі "Росатомды" құрылыс технологиясы жағынан Қазақстандағы болашақ атом электр станциясының үлгісі деп атады.

Алайда 2023 жылдың қаңтарында премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, әзірге "Росатом" бойынша шешім қабылданған жоқ.

Сондай-ақ биыл ақпан айында Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі аймақтағы атом электр станциясының құрылысына қатысты халық тыңдауын жариялағанын, бірақ сайлауға байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлады. Тыңдау мәслихат құрылғаннан кейін қайта өткізіледі деп уәде берген еді әкімдік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030316-qazaqstandagy-aes-qurylysy-qogamdyq-tyndaular-otetin-kun-belgilendi/