Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов министрліктер мен университет басшыларын сынға алды

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов министрліктер мен университет басшыларын жатақхана мәселесінің шешілмей тұрғанына байланысты сынға алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Штаб отырысында Әлихан Смайылов жатақхана тапшылығы мәселесін талқылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған - 26, колледж студенттеріне арналған - 11 жатақхана пайдалануға беріледі. 1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін.

Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмейтін болса, жағдай одан сайын қиындай беретінін атап өтті

"Көптеген университет басшылары студенттерге тиісті жағдай жасау өздерінің тікелей міндеті екенін іс жүзінде ұмытып кетті деуге болады. Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері университеттер мен колледждердің сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ, әкімдіктер тарапынан да үйлестіру жұмыстары нашар", - деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығы мерзімінде тапсырылуы тиіс екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030554-alixan-smaiylov-ministrlikter-men-universitet-bassylaryn-synga-aldy/