Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысын масаңдықтан айықтырғысы келген Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шыны ыдыс ұстап тұрған ер адам
Шыны ыдыс ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылып, кейін тіпті қамауға алынған. Ер адам құрбысын масаңдықтан айықтырғысы келгенін айтып ақталды. Бұл туралы "Диапазон" хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, іс материалдарынан белгілі болғандай, полицейлер 49 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны басқарған Volkswagen Vento көлігін тоқтатқан.

Анықталғандай, бұған дейін ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда ол сот шешімін елемей, мас күйінде көлік басқара берген.

Ер адамның сөзінше, ол құрбысын масаңдықтан айықтыруға тырысқан және жай ғана алкогольді ішуге "мәжбүр болған".

"Ол саяжайда болып маған қоңырау шалды. Ол қатты ауырып жатқанын айтты және менің келуімді өтінді. Келсем, ол масаңдықтан ауырып жатыр екен. Оны аяп кеттім, дүкенге барып, ішімдік сатып алуға, кейін онымен бірге ішімдік ішуге мәжбүр болдым. Сосын біз екінші рет темекі мен сусын алу үшін дүкенге бардық, содан соң бізді тоқтатты", - деді Ақтөбе тұрғыны сот отырысында.

Сот ер адамның мұндай "игі" ниетін бағалаған жоқ және жүргізушіні бір жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар оны екінші рет жүргізуші куәлігінен айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030848-qurbysyn-masandyqtan-aiyqtyramyn-dep-asyqqannan-aqtobe-turgyny-qamauga-alyndy/