Тамыз айында еліміздің үш облысында қатты құрғақшылық болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер тамыз айында еліміздегі қаншалықты құрғақшылық болатынын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың нақтыланған болжамына сәйкес тамыз айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы қалыпты болады деп күтілуде.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында және Тараз қаласының маңайында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Түркістан, Созақ және Сарыағаш аудандарында, Қостанай облысының Арқалық және Қарағанды қалаларының маңында орташа құрғақшылық болуы ықтимал.
Жаздың соңғы айында Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында қатты құрғақшылық күтіледі.
Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының Казталов және Тасқала аудандарында бірқалыпты ылғалдылық сақталады деп болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031264-tamyz-aiynda-elimizdin-us-oblysynda-qatty-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/