Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тау шыңынан өз бетінше түсе алмай қалған шетелдік ерлі-зайыпты құтқарылды

Жарияланған күні:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

3 тамызда Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыпты құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 3 тамызда сағат 19:35-те Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыпты Башут шыңынан түсе алмай жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

Ерлі-зайыпты 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Шетелдіктерді іздеуге ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

"Сағат 20:45-те турист тауда жүрген жастардың көмегімен байланысқа шықты. Олар телефон арқылы құтқарушыларға нақты тұрған орындарын айтты. Сағат 23:36-да құтқарушылар зардап шеккендерге жетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Туристерді Медеуге дейін жеткізді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, анықталғандай, құтқарылған шетелдіктер Польшаның екі азаматы - 1987 жылғы әйел мен 1983 жылғы ер адам болып шықты.

ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын туристік маршрутты зерттеп, физикалық мүмкіндіктерді бағалауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031300-almatyda-tau-synynan-oz-betinse-tuse-almai-qalgan-seteldik-erli-zaiypty-qutqaryldy/