Астананың екі көшесінде алдағы күндері көлік қозғалысы тоқтатылады
Жарияланған күні:
Астана әкімдігі мәліметінше, қаланың Қонаев пен Хусейн Бен Талал көшесінде 5-8 тамызда көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Әкімдіктің хабарлауынша, жол жөндеу қызметкерлері Хусейн бен Талал көшесінің MoD. Standard тұрғын үй кешенінен бастап 39 көшеге дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Сол сияқты Қ.Қайсенов көшесінің екі жағында да көлік қозғалысы толық тоқтатылатын болады. Көлік қозғалысы 5-8 тамыз аралығында шектеледі.
Сондай-ақ Қонаев көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 5-6 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - деп ескертті әкімдікте.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031360-astananyn-eki-kosesinde-aldagy-kunderi-kolik-qozgalysy-toqtatylady/