Құтқарушылар Бурабай қаласындағы қонақ үйде шыққан өрт кезінде 100-ден аса адамды эвакуациялады
Жарияланған күні:
Бурабай қаласындағы "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт шығып, 100-ден аса адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
ТЖМ мәліметінше, 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің мамандары 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықтады.
"Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ" - делінген хабарламада.
Ведомство қабылданған шаралар негізінде өрт сағат 12:35-те оқшауланғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031422-burabai-qalasynda-100-den-asa-adam-qutqarylyp-evakuaciyalandy/