Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалар тамаққа кезекте тұр": желіде Алматы облысындағы тағы бір лагерьге қатысты шу шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Балалар лагері
Кезекте тұрған балалар. Видеодан кадр: t.me/Zanamiviehali

Алматы облысының тұрғындары тағы бір балалар лагерінің үстінен шағым түсірді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі лагерьді тексеруге арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балалар лагерінде түсірілген фото-видеолар Telegram-дағы "За нами выехали" арнасында жарияланды.

Жазбада аталған лагерьде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар орналастырылғаны туралы айтылған.

"Мұның алдында жаңалықтарда жарияланған лагерьлермен салыстырғанда жағдай қиын емес, бірақ көңілге қаяу түсіретін жайттар бар. Балалар асханада кезекте тұр - тамақтың сапасын фотодан өзіңіз бағалай аласыз. Жатын бөлмелерінде де шамадан тыс бала жатыр - кереуеттерді тіпті дәліздерге қойған", - дейді басылым.

Жарияланған видеодан расында да асхана алдында кезекте тұрған балаларды көруге болады. Ал фотолардың бірінде - екі қабатты кереуеттер мен жерге жайлатын төсек қойылған тар бөлме көрсетілген.

Алматы облысының әкімдігі лагерь Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқанын хабарлады.

"2023 жылдың 8 тамызында "Тау-land" жекеменшік лагеріндегі заң бұзушылықтарды бақылау және анықтау бойынша комиссия құрылды. Комиссия құрамына Лейла Бедерова – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі Мойлау Елдос кірген.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеріс нәтижесі кейінірек белгілі болады", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031717-balalar-tamaqqa-kezekte-tur-zelide-almaty-oblysyndagy-tagy-bir-lagerge-qatysty-su-syqty/