Екі жыл бұрын жоғалып кеткен көпбалалы қазақстандықтың ісі жаңа баппен қаралады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕкі жыл бұрын жоғалып кеткен Доскей ауылының тұрғыны Өмірсерік Әлімқұловтың ісі "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Доскей ауылының 39 жастағы тұрғыны Өмірсерік Әлімқұлов 2021 жылдың 3 қыркүйегінде Нұра ауданына бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Ол Нұра ауданында вахтада жұмыс істеген. Кейін әйелінен оның жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ол күйеуінің жұмысқа кетіп, сол қалпы байланысқа шықпай қойғанын айтты.
Кейін 6 баланың әкесін іздеуге тікұшақ жіберілген еді. Бірнеше күннен кейін оның көлігі Қаражал қаласының маңынан табылды. Содан бері отбасы ол туралы хабар алған жоқ.
Ведомство мәліметінше, үйінде оны әйелі мен жеті баласы күтіп отыр. Ер адам жоғалған кезде оның әйелі жетінші баласына жүкті болған еді.
"Міне хабарсыз кеткеніне екі жыл болды. Тірі деп үміттенеміз, сенеміз. Шарасыз отырмыз. Кіші ұлы әкесін көрмеген. Оны тек суретінен таниды. Үлкен қызы мектепті әкесіз бітірген. Балқашқа көшуімізге тура келді, мен сонда жұмыс істеймін. Онсыз бізге өте қиын. Оны қатты сағындық", - дейді жоғалған ер адамның әйелі Алмагүл Үсенова.
Әйелдің сөзінше, екі жыл ішінде ол бірнеше рет көріпкел мен медиумдарға жүгінген. Барлығы бірауыздан Өмірсеріктің тірі екенін айтқан.
"Еш хабар алмай өмір сүрген кезде еріксіз тым болмаса қандай да бір із іздейсің. Ол тірі және бір жерде күштеп ұсталынып отыр дейді. Расымен тірі деп үміттенемін. Ол бізді тастап кете алмайды. Ол ондай адам емес, балаларды өте жақсы көреді", - деп қосты Алмагүл.
Іздеу бойынша іс Ұлытау облыстық полиция басқармасына беріліп, "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жаңаарқа аудандық полиция бөлімі қылмысты ашуға бағытталған кешенді шараларды жалғастыруда", - деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінде.
Ал із-түзсіз жоғалған азаматтың әйелі халқытан күйеуінің фотосуреттерін тағы бір рет қарауды өтінді. Ол біреу күйеуін танып, оның қайда екенін хабарлайтынына үмітті.
"Барлық жанашыр тұрғыннан күйеуімнің фотосуреттеріне назар аударуды сұраймын. Оны біреу танитын шығар. Бей-жай өтіп кетпеңіздерші. Полицияға хабарлаңыздар. Өйткені біз оны күтіп отырмыз", - деп сұрады Алмагүл халықтан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031985-eki-zyl-buryn-zogalyp-ketken-kopbalaly-qazaqstandyqtyn-isi-zana-bappen-qaralatyn-boldy/