"Прокурордың ұлы": Бас прокуратура желіде тарап, резонанс тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде жанжал шығарып, сатушыны қайшымен қорқытқан сатып алушы — прокурордың ұлы деген ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әлеуметтік желіде гүл дүкеніндегі жанжалдың шығуына прокурордың ұлы себепкер болғаны айтылған.
Желі қолданушылары ер адамдардың әрекетіне наразы болды.
"Раушан гүлдің кесірінен сонша абыройын жоғалтқан. Бұл адамдар ақшасы бар болғандықтан тағы қандай әрекетке бара алады екен? Әдепсіздер", "Құқық қорғау органдарынан түсіндіруін сұраймыз", "Арамызда жабайылар өмір сүріп жүр", - деп жазады пікір білдірушілер.
Бас прокуратура өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Түсініктеме департаменттің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған.
"Әлеуметтік желіде прокурордың ұлы достарымен бірге Шымкент қаласындағы гүл дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
2023 жылғы 9 тамызда Шымкент қаласының прокуратурасы бұл тұлғаның прокуратура органдарына қандай да бір қатысы жоқ екенін, прокуратура қызметкерлерімен туыстық байланыста еместігін ресми түрде хабарлады", - делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032009-prokurordyn-uly-bas-prokuratura-zelide-tarap-rezonans-tudyrgan-videoga-qatysty-tusinikteme-berdi-video/