Шымкентте неліктен тағы автогаз тапшылығы туындады: әкімдік жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомШымкенттік жол-көлік қатысушылары автогаз тапшылығына шағымдануда. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, олар жанармай құю бекеттерінде сағаттап тұруға мәжбүр. Оған қоса жанармай шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Бұл туралы "КТК" арнасында хабарланды.
Телеарнаның хабарлауынша, Шымкентте кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде "Газ жоқ" деген ескертпелер ілінген. Ал көлік иелері болса, жанармай құю бекеттерінде сағаттап кезекте тұруға мәжбүр екеніне шағымданды.
"Газ мәселесі туындағанына 10 күн болды. Таңертең ерте келсең де кезек тұрады. Оның өзінде мөлшері шектеулі, тек 2000 теңгеге құяды. Кейбірі (жанармай құю бекеті – ред.) тіпті бос, газ жоқ", – деді жол-көлік қатысушысы Давран Әбдиев.
Телеарна ақпаратынша, Шымкентте 200-ден астам газ құю бекеті бар. Зауыттағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы салдарынан бүгінде автокөлік жүргізушілері күн сайын таңертең жанармай іздеп қаланы аралауға мәжбүр. Жөндеу жұмыстары 3-25 шілде аралығында өткен болатын.
Әкімдікте жөндеу жұмыстары кезінде жанар-жағармай құю бекеттері қажетті жанармай мөлшерінің тек 40 пайызын алып отырған. Соның салдарынан бүгінде жанармай тапшылығы байқалды. Оның үстіне газды пайдаланатын автокөлік саны артып келе жатыр, ал қалаға бөлінетін жанармай мөлшері азаюда.
Тамыз және қыркүйек айында Шымкент пен Түркістан облысы газды 29 пайызға азырақ алады. Соған қарамастан олар жағдайды реттеуге тырысуда.
Билік мәліметінше, бүгінде 203 жанар-жағармай құю бекетіне жанармай жөнелтілген, ал қалған бекеттерге жақын арада жіберілуі мүмкін.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032066-symkentte-nelikten-tagy-avtogaz-tapsylygy-tuyndady-akimdik-zauap-berdi/