Астанада 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған азамат ұсталды
Жарияланған күні:
Полиция қызметкерлері 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.
Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адамға 2008 жылдың қазан айында өзгелердің сеніміне кіре отырып, олардың ұялы телефондарын қолды қылды деген айып тағылып отыр.
2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы оны мемлекетаралық іздеуге жариялаған.
Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032194-astanada-15-zyl-boiy-memleketaralyq-izdeude-bolgan-azamat-ustaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.