Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды
Жарияланған күні:
Талдықорғанда белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол жеке өмір туралы мәліметтерді жариялды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Жетісу облысы ПД Instagram парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталған. Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады.
"Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады", - делінген хабарламада.
Дүйсенова қалалық полиция бөліміне жеткізілген.
Полицияның ақпаратынша, ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды.
Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032211-taldyqorganda-belgili-zurnalist-sandugas-duisenova-ustaldy/