Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте гүл дүкеніндегі жанжал: бұрынғы учаскелік инспекторға қатысты тергеу басталды

Жарияланған күні:

Гүл дүкеніндегі жанжал
Гүл дүкеніндегі жанжал. Скриншот: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкентте гүл дүкеніндегі жағдайдан кейін ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады. Бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің ROMANTIC гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерілген. Бековке қатысты қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады.

Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады", - деп мәлім етті полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032266-symkentte-gul-dukenindegi-zanzal-buryngy-policiya-inspektoryna-qatysty-tergeu-bastaldy/