Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік Алматыдағы Көк базардың бірқатар бутигі не себепті сүріліп жатқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көк базар
Көк базар. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы Көк базарда кеңсе тауарларын сататын бірнеше бутик сүріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, Жібек жолы даңғылындағы бутиктер бүгінде сүріліп жатыр. Бұған Алматыдағы қала құрылысын бақылау басқармасының заңбұзушылықтар анықталғаннан кейін шығарған бұйрығы себеп болған.

Жалпы ауданы 557,6 шаршы метрді құрайтын үш заңсыз сауда павильоны анықталған. Сондай-ақ аумағы 112,5 шаршы метр болатын заңсыз жапсарлас құрылы, заңсыз металл күмбез бен жалпы ауданы 1262,5 шаршы метр болатын барлығы 213 бейстационар сауда объектісі анықталып отыр.

"Сонымен бірге Қазақстан заңнамасы және өзге де нормативтік құқықтық актілері бұзылғаны туралы Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бұйрығы бар - ғимараттан 18 метр қашықтықтағы уақытша құрылыстарды, Жібек жолы даңғылында салынған бутиктерді алып тастау қажет", - делінген хабарламада.

Аталған ғимараттар 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін сүрілуі керек.

Басқармада атап өткендей, алдағы жаңғырту туралы хабарламалар жалға алушыларға алдын ала жіберілген.

"2023 жылдың ақпан айынан бастап жалға алушыларға "Көк базардың" жаңа павильонында бос сауда орындары ұсынылды, онда кеңсе тауарларын сататындар үшін бөлек орын ұйымдастырылды, себебі Жібек жолы даңғылындағы бутиктерді жалға алушылардың жартысына жуығы кеңсе тауарларын сатумен айналысады", - деп қорытындылады басқармада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032418-akimdik-almatydagy-kok-bazardyn-birqatar-butigi-ne-sebepti-surilip-zatqanyn-tusindirdi/