Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы тас жолда 10 шақты адам көкпар тартып, көпшілікті әбігерге салды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көкпар
Тас жолда көкпар тартқандар. Скриншот: Telegram / egovpress

Алматы облысындағы тас жолдың бойында көпкар тартып, көлік қозғалысына кедергі келтірген он шақты адам ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында хабарлады.

EGOV.PRESS Telegram-арнасында бір топ ер адам атқа мініп, жолдың қақ ортасында көкпар тартып жүрген сәтінен видео жарияланды. Видео сипаттамасында оқиға Құлжа тас жолында болғаны айтылған.

Полицейлер ақпаратына сәйкес, 14 тамыз күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде ұсақ бұзақылықтың дәлелі болатын видео анықталған. Онда Талғар ауданы автожолдарының бірінде 10 адамнан құралған топ көкпар ұлттық ойынын ойнап, сол арқылы көлік құралдарының жол қозғалысына кедергі келтірген сәт түсірілген.

Аталған дерек бірден Талғар ауданының ПБ-да тіркелді.

"Тексеру барысында оқиғаның 12 тамызда болғандығы анықталды, қазіргі уақытта осы дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 434 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Іс материалдары сотқа жолданып, оның шешімі бойынша кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылатын болады, деп қосты тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032436-almaty-manyndagy-tas-zolda-10-saqty-adam-kokpar-tartyp-kopsilikti-abigerge-saldy-video/